Бүгін Шымкент қаласы бойынша ЖАНТ мүшесі, Абай ауданы Халифа Омар мешітінің бас имамы Жандос Орынбайұлы мен дінтанушы Қажымұқан Аманқұлов Шымкент қаласы Абай ауданы Торлан мешітінде болып, жат ағым мүшелерімен жеке кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында деструктивті жат діни ағымдардан жастарды сақтандыру және ағымдардың алдын алу және олардың зиянды тұстары түсіндірілді. Бұл шара аудан көлемінде барлық мешітте жалғасатын болады.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі