Бүгін, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың бастамасымен Түркістан қаласында тұратын жағдайы төмен, көмекке аса мұқтаж бір отбасыға арнайы көмек берілді.
Қайырымдылық шара барысында Түркістан қаласы «Зекет» қорының жетекшісі Жүсіпбек қажы Қасымбековтың қала тұрғындары, жастары ісі бөлімі мен т.б. жанашыр азаматтардың демеуімен жүзеге асырылды.
Көмекке аса мұқтаж Түркістан қаласы, Қазыбек би көшесінің тұрғыны Қалымбетов Бибіхан есімді жағдайы нашар, көп балалы отбасы екен. Оларға азық-түлік, оның ішінде ұн, май, макарон, күріш, 4 қап картоп, қант, және кілем, төсеніш, 2 тонна көмір, 10 қап ағаш-отын т.б. материалдық көмек берілді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі