Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына орай Шымкент қаласы бойынша өкілдігіның ұйытқы болуымен Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де халықаралық Қартттар мерекесіне қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін найб имам Ахмеджан Керімбек, Ербосын Орын , Мұхамеджан Естеміров, Ербол Қалшабек, Ералы Есенгелдиев, Ерман Бекбауов , Айбек Азимбаев, қалалық «Жастар ісі» секторы Азимбек Қарабеков, іс басқарушы Әлжан Сәдиев, аудандық «Дін мен дәстүр» бағытының маманы Ержігіт Мамытұлы т.б имамдар қатысты.
Негізгі мақсат – аталмыш мекемедегі зейнеткер ата-әжелерімізге мерекелік көңіл күй сыйлау болып саналады. Игі шара барысында арнайы ас беріліп, сыйлықтар таратылды. Әнші өнерпаздарымыз ән-күй, өлең айтты.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара соңында мекеме басшысы шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлына алғыс айтып, ризалық білдірді.


















