Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы «Тура жол» мешітінде қасиетті мәуліт іс- шарасы аталып өтті. Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар Әміре, найб имам Ахметжан Керімбек, Еңбекші ауданымыздың бас имамы Орын Ербосын, Қаратау ауданы имам Ербол Қалшабек, Ал-Фараби ауданы имамы Ералы Сапарбайұлы және мешіт имамдары мен жамағат қатысты.

Қаламыздың бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы жиналған жамағатты мәуліт айымен құттықтап алғысөз айтып мәуліт іс- шарасын ашып берді.

Шара барысында дастархан жайылып, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар Әміре, найб имам Ахметжан Керімбек ағаларымыз өздерінің уағыз насихаттарымен бөлісіп, мәуліттің қадір қасиеті жайлы керемет ой толғандырар сөздерін жеткізді.

Шара барысында Кәмілжан ұстазымыз және Ахметжан Керімбек ағамыз мәуліт жырын оқыды.

Аудан бас имамымыз Орын Ербосын аталмыш іс- шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына және қолдау көрсеткен әрбір азаматқа ерекше алғыс білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38