Бүгін, Шымкент қаласы Тұран аудандық “Қождан ата” мешітінде Шымкент қаласының өкіл имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына сәйкес имамдардың білімін жетілдіру семинары өтті.
Семинарға Шаһар Бас имамының бірінші орынбасары Мұсабек қажы Ақтамберді және қалалық мешіттің бас есепшісі Даниярова Динара ханым, Тұран ауданының дін қызметкерлерімен есепшілері қатысты.
Осы сәтті пайдаланып “Тілсіз жау — өрт” тің алдын алу шараларын түсіндіру үшін Тұран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Баратов Сүйінбай Мағдатқасымұлын арнайы шақырттық.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі







