Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде Мәуліт дастарханы жайылды.
Игі шараға ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар Әміре, найб имам Мұсабек қажы Ақтанберді, Ахметжан Керімбек және мешіт имамдары мен жамағат қатысты.
Әуелі шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының құттықтау сәлемін Мұсабек Ақтамберді имам жеткізді. Осыдан кейін Бекайдар Әміре имам «Жастар тәрбисі» тақырыбында уағыз айтып, елді түрлі жаман әдеттен сақтануға, білімді болуға шақырды. Сондай-ақ, биылғы жылы ҚМДБ тарапынан «Ислам – және отбасы құндылықтары» жылына айрықша тоқталды.
Рухани шара барысында Ахметжан Керімбек мәуліт жырын оқып берді.
Сондай-ақ қалалық Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен сұрақ жауап сайысына кезек берілді.
Жоғарыда деңгейде өткен рухани шара соңында хан, сұлтан, би, шешен, батырлар рухына Хатым Құран оқып бағышталды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38