Шымкент қаласы, Абай ауданы “Халифа Омар ”мешітінде «Сағынышқа айналған әз-Мұхаммед!» атты рухани мәуліт кеші өтті.
Аталмыш шараға Шымкент қаласы Орталық «Ақ мешіт» мешітінің наиб имамдары Мұсабек қажы Ақтамберді, Ахметжан қажы Керімбек, Бекайдар Әміре, Исламқұл Иманқұлұлы, «Есжанұлы Сейітжан қари» мешітінің имамы наиб имамы Мейірбек қари Сәрсенбаев, Абай ауданы бас имамы Мұхаммеджан Естеміров қатысты. Сондай-ақ мешітіміздің батагөй ақсақалдары мен бір топ жамағаттарымен толықты.
Алғашқы сөзді алған, Мұсабек қажы қаламыздың бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының ыстық сәлемі мен құттықтауын жеткізіп, сөз кезегін кеш қонақтары құрметті имам ұстаздар жалғап Пайғамбарымыз с.а.у дүниеге келуі, өмірі, мінез-құлқы, салауат айтудың дүние-ахыреттегі пайдалары т.б ерекшеліктері жайлы әсерлі уағыздарын айтты.
Мейірбек қари Мәуліт шәрифін оқыды.
Шара барысында мешітіміздің батагөй ақсақалдары бата беріп, кешіміздің соңы сұрақ жауаппен жалғасып, сыйлықтар берілді
Іс-шара соңында ақсақалдар ризашылық рахметтерін айтып батасын беріп, Елімізге амандық, имандылық, бірлік береке сұрап дұға етті.










