Бүгін ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы орталық мешітінде Әжелер мектебінің ұйымдастыруымен қасиетті Мәуліт жыры оқылды.
Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы арнайы құттықтау тілегі оқылып, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек уағыз-насихат айтып жиналған жамағатты мерекемен құттықтады.
Мәуліт жырын «Сейтжан қари» мешітінің найб имамы Мейірбек қари Сәрсенбаев оқыды.
Игі шара аясында қалалық Әжелер мектебінің жетекшісі Қалдыгүл қажы апа бастаған әжелерге алғыс хат табысталды.
Айта кетсек, игі шара барлық мешіттерде арнайы мерекелік мәуліт дастарханы жайылып, дін мен дәстүрге сәйкес ұйымдастырылып келеді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38