Бүгін «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі имамдардың 2025 жылдың төртінші тоқсанында атқаратын жұмыстарына қатысты алқалы жиын өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, Нұржан Қасымбек, іс басқарушы Әлжан Сәдиев, Ербол Қалшабек , Ербосын Орын, Ерман Бекбауов, Ералы Есенгелдиев және өзге де дін қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында Шымкент қаласы Сейтжан қари мешітінің найб имамы, РАНТ мүшесі Дастан Желеуов «Жат ағымдардың алдын алу күн тәртібінде» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Және бір қатар ұсыныстарын ортаға салып, тәрбиесімен бөлісті.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38