Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасына орай, Оңтүстік өңіріне қарасты қала, аудан, ауылдық мешіттер мен қатар жергілікті Зекет қоры мен Жастар ісі бөлімінің қызметкерлері тарапынан «Мүгедек жандарға мейірімділік танытайық» атты қайырымдылық шарасы жүзеге асырылды.
Жалпы, шара барысында 472 мүмкіндігі жектеулі мүгедек жанға көмек берілді. Оларға жұмсалған қаржы 2516600 (екі миллион бес жүз он алты мың алты жүз) теңгені құрайды.
Мұнымен қатар, 49 кілем, 3 қоларба, 6 сүйенш таяғы және 150 кг ет үлестірілді. Шара барысында мүгедек жандарға асыл дініміздің құндылықтары туралы насихат айтылып, қайырымдылық дастарханы жайылды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі