Бүгін ҚМДБ Шымкент қалалық «Дархан дала» жобасын қолдау және отандық туризмді дамытуға байланысты саяхат ұйымдастырылды.
Игі шара барысында Жамбыл облысы, Тараз қаласында жерленген дін қайраткері, талай жыл имамдық ұстаздық еткен марқұм Әлайдар Әміре ұстаздың қабіріне зиярат етіп рухына Хатым Құран оқып бағышталды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, Ахметжан Керімбек, Бекайдар Әміре, Дәурен Тасқараев, Самат Анарбаев , Әлжвн Сәдиев, Ербосын Орын, қалалық «Дархан дала» отандық туризм саласына жауапты Мұхамеджан Естеміров және аудан имамдары мен ұстаздар қатысты.
Ниет, зиярат қабыл болсын!

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38