Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы жастар бөлімінің ұйымдастыруымен “ Ислам және отбасы” құндылығы жылы аясында халқаралық жастар күніне орай “Жастар және отбасы” деген тақырыппен ұрандатып, Шымкент қаласы “Кенесары хан” мешітінде Аманқұл Қажымұхан Асанұлы ұстаздың ат салысуымен жас отбасы ер азаматтарымен кездесу болып өтті.

Алла Тағала Қасиетті Құранда:
Олар сендер үшін киім (іспетті), сендер де олар үшін дәл сондай киім (секілдісіңдер) деген.
Және де Ардақты пайғамбарымыз (с.ә.у) өзінің хадис шәрипінде:
Әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар, өйткені әйел (Адам атаның) қабырғасынан жаралған, ал оның ең қисық жері жоғарғы жағында. Егер сен қабырғаны түзеткің келсе, онда оны сындырып аласың, ал егер оны өз жөніне қойсаң, онда ол сол қисайған күйінде қала береді, сондықтан әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар, деген.

Осы аят хадис төңірегінде жастарға насихаттар айтылып, олардың көкейінде туындаған от-басы қарым қатынасына қатысты сұрақтарына жауап берілді.

Шараға ат салысқан барша жанжарға Алла разы болсын

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38