Бүгін ҚМДБ-ның Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің кеңейтілген жиналыс өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, бірінші найб имам Мұсабек Ақтамберді, Ахмеджан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, қалалық іс басқарушы Әлжан Сәдиев, қалалық «Дін мен дәстүр» бөлімінің жетекшісі Самат Анарбаев т.б. аудан мешіт имамдары қатысты.
Жиналыс барысында ҚМДБ-ның төрт бағыт жұмыстары: дін мен дәстүр, жат ағымның алдын алу, діни оқу ағарту және уағыз-насихат жұмыстарының есебі тыңдалды.
Сондай-ақ, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы аталмыш бағыттардың жұмысын ширатуды тапсырды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі












