Еңбекші аудандық «Тура жол» мешітінің әйел-қыздар жамағат ұстаздары басшылығында қалалық Дендросаябаяғында «Спорт — денсаулық кепілі» атты отбасылық эстафета өткізіп қайтты.
Бұл шарада шәкірттер қаламыздың сүйікті демалыс орындарынан бірі болған дендросаябағын тамашалап жаяу серуендеумен қатар, жүгіру, секіртпемен секіру, доппен және тенниспен ойнау, дарт лақтыру сынды түрлі эстафеталық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Шынықсаң шымыр боларсың, демекші, ардақты Пайғамбарымыз да с.а.у. хадистердің бірінде: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмин Аллаға, әлсіз мүминнен жақынырақ әрі сүйіктірек», деген. (Имам Муслим риуаят еткен)
Осылайша, мұндай эстафетадан мақсат:
Балалар мен ата-аналарының спортқа деген қызығушылығын арттыру, әртүрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру, балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамытумен қатар, осылайша, балаларымыздың күнделікті өмірінде салауатты өмір салтын сақтау, отбасылық қарым-қатынасты нығайту, балалардың өзара араласуына жағдай жасауға бағытталған.
Көрнекілік құралдары: үлкен және орташа резеңке доптар, себетшелер, секіртпелер, теннис таяқтары, дарт тақтасы, лақтырғыш дарттар, және т.б.
Іс-шара соңында қатысушыларға аталған берекелі дастархан жайылды.
Алла баршамызға да тек осындай жақсы, игі істерде жарысуымызды нәсіп еткей! Әмин!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






