ҚМДБ Шымкент қаласы жастар бөлімінің ұйымдастыруымен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына орай “Дархан дала” жобасы аясында қаламыздағы жас діни қызметкерлермен бас қосып, Шымкент қаласы Еңбекші ауданында орналасқан Маятас елдімекеніндегі демалыс орнына арнайы тур ұйымдастырылды.

Шараға Шымкен қаласы Еңбекші ауданы “Жастар секторы” бағыты бойынба жетекшісі Нарботаев Ержан ұстаз ат салысып, ұйымдастырылуына өз үлесін қосты.

Жиын барысында оқыту семинары мен арнайы спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Және де көл жағасында пайғамбарымыздың сүннеті болған :
(Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) анасымен бірге нағашыларының үйінде болған кезде суда жүзуді үйренгенін және жақсы жүзетінін айтып еске алған. Халифа Омар ибн Хаттаб (одан Алла разы болсын)
Суда жүзу спорт түрінен арнайы машықтар өткізіліп жарыстар ұйымдастырылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38