Еңбекші ауданы «Тура жол» мешітінде әйел-қыздар жамағатына «Әйел және отбасы» атты семинар өткізілді.

Ислам әлемінде қасиетті саналған күндердің бірінде өткізілген бұл семинарда «Тура жол» мешітінің бас имамы Тәңірберген ұстаз Шаймерденұлы және аудандық жастар ісі секторының жетекшісі Ержан ұстаз Нарботаев сөзге шығып, алдымен исламда әйел кісінің мәртебесі, құқығы және оның отбасы алдындағы, қоғам алдындағы міндеттерін аяулы да ардақты әпке-сіңілдердерімізге көркем тәрізде түсіндіріп өтті.

Ия, жаратылыс тұрғысынан ер кісі де, әйел кісі де Алла Тағаланың пендесі. Алла Тағала қалағанын ер, қалағанын әйел етіп жаратады. Дегенмен, ер мен әйел тең емес, әрқайсысы өзіне тән қасиеттерімен ерекшеленеді. Еркек пен әйел өздеріне тән табиғатындағы ерекшеліктерін ескергенде ғана екеуі бір-бірін толықтыра түседі.

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Әйелдердің күйеулерінің алдында міндеттері болғанындай, ер азаматтардың да әйелдерінің алдында заңды міндеттері бар», дегеніндей, бұл екеуі өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін жалғастыра алады. Атам қазақ та «екі жарты бір бүтін» деген.

Мешіт басшылығы ұйымдастырған осындай ғибратты, адамның ішкі дүниесін жақсы жақа өзгеруіне себеп болатын, әпке-сіңілдердеріміздің иманын күшейтетін бұл іс-шара үшін мешіт шәкірттері ұстаздарына өз алғыстарын білдіріп, дін жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық ұстаздарды дұға етті. Және семинар соңында барлық қатысушыларға «Ашура тәттілері» ұластырылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38