Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, “Сейітжан қари” мешітінде “Имани жаз-2025” жазғы діни сауат ашу курсының 1- ші кезеңі аяқталуына байланысты 300 ер бала, 300 қыз балаға сертификат тапсыру шарасы өтті. Шараға Қаратау аудандық “Байғұт баба” мешітінің бас имамы Ербол Тастанбекұлы және ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Шара барысында, аудан имамы сөз сөйлеп, қаланың бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, ұстаздар мен ата-аналарға алғыс айтып, шәкірттердің пайдалы білім иелері боларына сенім білдірді. Сондай-ақ, «Сейтжан қари» мешітінің наиб имамы Иса Файзуллаұлы және ұстаздар мен ата-аналар сөз сөйлеп, шәкірттерге сәттілік тіледі. Шараның соңында, шәкірттерге сертификаттар тапсырып, сыйлықтар үлестірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі















