Шымкент қаласының Бас Имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының қолдауымен Қаратау аудандық “Байғұт баба”мешітінде Әйел қыздар секторының жетекшісі Нұрланқызы Гүлжан ұстаздың ұйымдастыруымен Қаратау ауданының Бас Имамы Ербол Тастанбекұлының бастамасымен
Әйел қыздардың 3 айлық Құран оқып үйрену курстарының қорытынды Сертификат табыстау шарасы өтті.
Шара: Дарахан Дала жобасы аясында
Қасқасу елді мекені , Аура Тау демалыс аймағында болды.
Табиғаттың таза ауасында Марапаттау және Қасиетті Құранға түскен шәкірттерге Тәж кигізу рәсімі болып, Қаратау ауданы Әжелер мектебінің төрайымы Жұманова Мадина апамыз ақ батасын беріп әрі сәттілік тіледі.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі



