Шымкент қаласы Орталық Ақ мешіт мешітінде қыздарға жазғы діни сауат ашу курсы жалғасып жатыр. Сабақтарды мешіттің білікті ұстаздары жүргізіп жатыр. Бұған қоса, оқушылар үшін түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, күн сайын тәттілер мен жеміс-жидектер таратылуда. Мұның бәрі – балалардың мешітке деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың жүрегінде рухани із қалдыруды мақсат етеді. Осыған орай біршама өтілген тақырыптар бойынша Айжарқын Әмзеқызы ұстаздың ұйымдастыруымен оқушы қыздар арасында жарыс өткізілді. Жарыста “Құран тілі — жүрек тілі” , “Сұрақпен үйрен — ойынмен меңгер” атты тақырыптармен білімдерін шыңдады.
 
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38