Еңбекші ауданы «Тура жол» мешітінде «Исламда әйел әдебі» атты семинар өтті.
Семинарды «Тура жол» мешітінің ұстазы Насиба ұстаз Исмандиярқызы жүргізіп, спикерлер ретінде Шымкент қаласы бойынша әйел-қыздар секторы жетекшісі Балжан ұстаз Досжанова және Еңбекші аудандық әйел-қыздар секторы жетекшісі Гүлжан ұстаз Сыдықова шақырылды.
Семинар әуелі Аллаға мадақ және Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауатпен басталып, соң исламда әйел кісінің мәртебесі туралы сөз қозғалды.
Шын мәнінде, исламда салиқалы әйел кісі әуелі бір ер адамның қызы ретінде әкесіне тозақтан қорған болса, әйелі ретінде оның иманының жартысы құрайды, ал анасы ретінде жәннат оның табанының астында деп, ананың тұлғасы ерекше ұлықталған.
Осы күнге дейінгі әр заманда өмір сүріп, ислам тарихында өшпестей із қалдырған, ардың туын асқақтатқан, өз дәуірін иман нұрымен айшықтаған асыл аналарымыздың өнегелі өмірлері тарихымыздың жарқын беттерінде жазулы.
Қазағымыздың дана сөздерінде де «ұл тәрбиелесең әулетті тәрбиелегенің, қыз тәрбиелесең ұрпақты тәрбиелегенің» деп айтқан.
Шындығында, қыз тәрбиесінде абыройы мен ар-ұяттын сақталуы, келешек өміріне даярлығы ата-анаға оңай болмайтынының дәлелі.
Әсіресе, қазіргі заманауи қоғамымыздағы жасөспірім қыздарымыздың, үлкен өмірдің ақ босағасын аттап басқан келіндеріміздің тәрбиесі, және бұл жолда оларды үлкен өмірге дайындаудағы аналарымыздың рөлі жайлы талқыланған бұл семинар қатысулардың көңілінен шығып, ұстаздарға өз алғыстарын білдірді.
P.S. Семинарға қамтылған адам саны: 50 адам.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






