ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі Бақдаулет Қажы Нұрматұлының бастамасымен, Әл-Фараби аудандық Ордабасы мешітінің имамы Ералы Сапарбайұлының ұйымдастыруымен “Сейіткәрім қажы” мешітінде Дін мен дәстүр бағыты бойынша “Ақылды қария, ағынды дария” атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Шымкент қаласы өкілдігінің “Дін мен Дәстүр” бағытының жетекшісі Ахметжан қажы Керімбек және қалалық мешіттің наиб имамы Мұхаметжан қажы Естемиров, сонымен қоса ақсақалдар мен аудан имамдары “Ықылас қарилық орталығының” шәкірттері қатысты.
Шара жүргізушісі Самат Анарбаев қариялармен құран жаттап жүрген қарилардың арасына байланыс орнатып, өскелең жас жеткіншектерге абыз ақсақалдарымыздың өнегелі сөздерін таныстырып, өзара сұрақтар қойып, дәстүріміздің асыл қазыналарынан жеткіншектерге түсіндіру бағытын кеңінен қолға алды.
Шәкірттер Дін мен Дәстүр бағытындағы кітаптардың мазмұнымен танысып, өзара диалог құрып талқылау сатысынан өтті. Шара барысында “Ақсақалдардан бата алу” ,“Қолға су құю” секілді дәстүрлер жаңғыртылып, өзара алғыстарын айтып, дұға жасап тарқасты.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызмет








