Шымкент қаласы орталық Ақмешіт мешіті діни сауат ашу курсын әйел-қыздар бөлімінде 250 шәкірт білім алуда. Жыл бойы шәкірттер Құран дәрістерін, Сенім, Ғибадат, Ислам әдебі және Сира (Ардақты пайғамбарымыздың өмірбаяны) дәрістерін үйренуде.

Міне бүгін Осы дәрістердің бірі Сира пәнінен білім сайысы қтті. Сайыс 150 сұрақтық тест форматында өтті.

Сайыс мақсаты өткенді қайталау, білмегенді үйрену, пайғамбар өмірінен өнеге алу.

Сайыс нәтижесінде 1-орынға, 30 000 теңгелік сыйлықпен Кәдірбек Динара, 2-орынға 20 000 теңгелік сыйлықпен   Бахытбек Венера. 3-орынға 10 000 теңгелік сыйлықпен Ешенкулова Зульфия апа ие болды. Және 5000 теңгелік сыйлықтармен 4-орынға Алтынбекова Аружан, Маханова Мадина, Абубакірқызы Айша және Сейіт Қасиет ие болды.

Сайыс өте қызықты және пайдалы өтті. Қолдау көрсеткен мешіт имамдары, ұстаздары және демеушілерге Алла разы болсын деп тілейміз.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38