Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының бастамасымен, ҚМДБ “Ислам және Отбасы құндылығы” жылы аясында Қаратау ауданы “ Есжанұля Сейітжан қари” мешітінде “ Келіні жақсының, керегесі алтын” атты іс-шара болып өтті. Іс- шараға Шымкент қаласы орталық мешітінің наиб имамы Ахметжан қажы Керімбеков пен Қаратау аудан “ Байғұт баба” мешітінің имамы Ербол Қалшабек қатысып ыстық ыхыластарын білдірді.

Сайыста келіндер қазақи нақышта киініп, дәстүрлі тағамдар дайындап әкелді. Сонымен қоса қазақ даласының тарихында аты қалған аналарымыз жайлы ізденгендерін бөлісіп, әр тұлғаға байланысты болған міндеттерін айта отырды. Сайысқа қатысушы келіндердің ішінен әділ-қазылардың ойынан шығып және көрермен жүрегіне жол таба білген келіндердің кейбірі жүлделі орынға ие болды.
1 орынды Қайшыбекова Жансая,
2 орынды Мырзаханова Ләззат
3 орынды
Сейітбекова Саида иеленді.
Жүлделі орындарға және басқа да қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің ұстазы Түзелова Айжарқын ұстазымыз келіндер сайысын қорытындылап, келген жамағатқа тақырыпты ашып сүбелі сөзбен терең насихаттар айтты.
Қатысушылар және көрермендер үшін бұл сайыста алар үлгі өнеге мол болды.

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38