Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында қасиетті Қадір кешінің сәресінде «Серелік дастарханы» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек, ҚМДБ Республикалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар қажы Әміре, қалалық «Халал Даму» ЖШС жауапты маманы Қазыбек Сарыбаев, іс басқарушы Әлжан Сәдиев, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев, Жастар ісі секторы Әзімбек Қарабековтер қатысып, жамағатқа берекелі түннің қасиеттерін түсіндірді.
Айта кетсек, игі шараға шаһардағы барлық мешіт қатысып, нәтижесінде 12000 жанға сәрелік ас ұсынылды. Қаржылай қолдау білдірген жандарға Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі
















