Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында  Шымкент орталық мешітінде қасиетті Қадір түнінде  жамағатқа викториналық сұрақтар ұйымдастырылды.

Аталмыш игі шараны Шымкент орталық мешітінің ұстаздары Мұхамеджан Естеміров, Нұрсұлтан қари Мамедалиев, Әзімбек Қарабеков жамағатқа сұрақ-жауап сайысын өткізіп, жамағаттың рухани ілім-білімдерін шыңдады.

Айта кетсек, дәл осындай жамағатқа викториналық сұрақтар «Ихсан ілімі: рухани кеселдерден құтылу жолдары», «Ізгі қоғам», «Дін мен дәстүр», «40 парыз», «Көркем мінез» т.б. шаралары ұйымдастырылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38