ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы Әл-Фараби аудандық “Ордабасы” мешітінде жамағатқа Рамазан айы жайында уағыз айтып құттықтауын жеткізді. Бас имам барша мұсылман жамағаты он екі айдың сұлтаны Рамазан айының келуімен сүйіншілеп, қасиетті айды барынша құлшылықпен өткізуге шақырды. Рамазан – кешірім мен мейірім айы, бұл айда кішіпейіл болып, мейлінше адамдарға жақсы қарым қатынаста болу керектігі жайында түсіндіріп, сөз соңында мешітке келуші жас жеткіншектерге оразаның қадір қасиетін түсіндірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38