Қазастан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы Бозарық мөлтек ауданы Әл — Ғани мешіті жанында әйел — қыздар секторының сауат ашу курсында шәкірттеріміз Ғибадат сабағынан ашық сабақ өткізді. Сабақта Намаз бөлімін толық түсіндіріп , практикада көрсетіп берді. Арнайы сұрақ — жауап әзірленіп шәкірттер арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Сабақта құнды ақпараттар мен материалдар ұсынылды.Жалпы он екі шәкірт қатысты. Сабақ барасында шәкірттерге намаз жайлы барлық мағлұматтар жинақталған рефераттар таратылды.
