Шымкент қаласындағы Абдурахман Махсуми қажы мешітінде Курбанова Наргиза ұстаздың жетекшілігімен қазақ халқының дәстүрлерін дәріптейтін ерекше «Бесікке салу» іс-шарасы өтті. Бұл салтанатты рәсімді мешіттің имамы ашып, жаңа туылған нәрестенің құлағына азан айтып, жақсылық тілектерін білдірді. Шараға қазақ, өзбек, түрік ұлттарынан құралған шәкірттер өз ұлттық киімдерін киіп келіп, дәстүрлі бесікке салу салтының барлық жолдарын көрсетті.
Іс-шара барысында қатысушыларға ата-бабамыздан қалған ақиқа рәсімі туралы мағлұматтар беріліп, рухани дұғалар оқылды. Бесік жыры әуелеп, жанға жылу ұялатқан дәстүрлі әндер орындалды. Шашу шашылып, мерекенің құрметіне ауызашарға құрмалар таратылды. Шара соңында барлық шәкірттерге сертификаттар табысталып, білімдерін шыңдау мақсатында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Жамағат бұл ойынға белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтарға ие болып қуанышқа бөленді. Іс-шара көрермендерге тамаша әсер қалдырып, дәстүрлеріміздің мәңгілік құндылығын тағы бір мәрте дәріптеді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38