Бүгін ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Мәртөбе» мешітіне бас имам болып Керімбек Анарғали Пірәліұлы тағайындалды.
Таныстыру үшін Шымкент қаласы Бас имамы орынбасары Мұхаммеджан Естеміров уағыз айтып, жиналған қауымға таныстырды. Және «Мәртөбе» мешітінде қызмет атқарған Әнуар имамға шапан жауып құрмет көрсетілді. Қызмет баянды болсын!