Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Исамиддин баба мешітінде тұрақты түрде діни сауат ашу курсы жүруде. Осы маусымда 100-ге жуық қыздар, әжелер дәріс алды. Міне осы шәкірттерден 25-і  Құран әліппесін бітіріп, Құран Кәрімді ережесіне сай оқи алатын дәрежеге жетті. Осыған орай шәкірттерге ерекше форматта марапаттау кеші өткізілді. Яғни шәкірттерді қуандыру, рухани демалдыру мақсатында марапаттау кеші тау етегінде, табиғат аясында өтті.
Қыздарға тәрбиелік мәні зор уағыз насихаттар айтылды. Әр қайсысына сыйлық берілді, Құран Кәрім аманат етіліп, тәжі кигізілді.
Ұстаздар тау етегінде, табиғат аясында ойындар ұйымдастырып, еңбекпен тағы үлгі насихат болды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38