Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Исамиддин баба мешітінде әйел-қыздар жамағатына отбасындағы ихсан мәселесі бойынша арнайы семинар өтті.
Семинарды Әйел-қыздар секторы басшысы Балжан Досжанова және мешітіміздің ұстазы Гүлжан Қонарбайқызы жүргізді.
Семинар 3 бөлімнен тұрады.
1. Отбасы құндылығы (неке, отбасылық өмір)
2. Тұрмыстық зорлық-зомбылық
3. Талақ мәселесі (ажырасуға апаратын себептер мен ажырасудың шарттары)
Бұл семинарға жалпы саны 50-ге жуық әйел қыздар қатысты. Семинардың соңында әрбір әйел өзінің өміріне қатысты сұрақтарға жауап алды.
Қатысушыларға отбасы бақыты кітаптары сыйға берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі