Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты қалалық «Халал Даму» ЖШС-нің мамандары жергілікті «Хан тв» арнасы сұқбат берді. Аталмыш телеарнаға Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы, аймақтық «Халал Даму» бөлімінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев пен технолог-маман Аружан Аралбай қатысып, қасиетті Рамазан айында мешіт жанындағы асханалар мен жалпы ауызашар өткізетін орындарда дастарханға қойылатын азық-түлік пен түрлі тәттілердің «Халал Даму» ЖШС халал сертификатына ие өнімдер болуы қажет екендігі жөнінде сұқбат берді. Айта кетсек, бүгінгі таңда тексеру һәм насихаттау жұмыстары жан-жақты жүргізіліп келеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі