Бүгін қасиетті Рамазан айының екінші күні Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Қайрымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев және Әлжан Садиевтер қатысып, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, мұқтаж жандарға азық-түлікті үлестірді.
Игі шарада көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі тіркеуден тұрған отбасыларға азық-түлік себеті үлестірілді. Жалпы бір отбасыға (ұн, күріш, шәй, май, қант, тамат, макорон өкімдері, сабын, т.б.) берілген көмектің қаржы мөлшері 25500 теңгені құрайды. Ерікті топ мүшелері кейбір азаматтардың мүмкіндік шектеуіне орай үйлеріне жеткізілді
Айта кетсек, бүгінгі ұйымдастырылған кезекті қайырымыдылық шарасы Абай ауданы «Торлан» мешітінде өткізілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі