Бүгін  ҚМДБ  Шымкент қаласы бойынша  өкілдігінде қасиетті Рамазан айына дайындықты пысықтау туралы кеңейтілген мәжілісі болып өтті.

Мәжіліске Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, Ерман Бекбауов, Азамат Әбдікерімұлы,  Айбек Азимбаев және мешіт имамдары мен қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетекшілері қатысты. 

Мәжілісті Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қатысып, жүргізіп отырды.

Мәжіліс барысында ҚМДБ бекіткен қасиетті Рамазан айында атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырылды. Соның ішінде, қала әкімдігімен бірлесіп өткізетін қайырымдылық шаралары мен уағыз-насихат жұмыстары, ауызашар дастарханы, тарауих намазында хатым Құран өткізу барысы, мешіттердің қауіпсіздігі, тәртіп мәселелері мен әз-Наурыз мерекесін атап өту жәйі және әлеуметтік желі арқылы онлайн насихаттар мен күнделікті сұрақ-жауап орталығының жұмысы туралы айтып өтті.

Сондай-ақ, заман талабына орай онлайн зекет беру, пітір, садақа, фидия мәселелері айрықша тоқталды. Мұнымен қатар, биылғы жылы айрықша атқаратын жұмыстардың бірі – ауызашар дастарханы мәзірі мен қайырымдылық ретінде берілетін «Рамазан сыйы», «Рамазан тәттісі», «Рамазан қоржыны» себеттеріне салынатын азық-түлік өнімдерінің ҚМДБ Халал сертификатына ие болуы, яғни құрамында күмәнді заттармен қоспалардың болмауына баса назар аудару қажет екендігі тапсырылды. 

Жалпы, мәжіліс Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы барысында тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, жұмыстарына сәттлік тіледі. 

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38