Шымкент қаласы Еңбекші ауданы «Тура Жол» мешітіндегі әйел-қыздарға арналған діни сауат ашу курсында алғашқы 3 ай бойы өтілген сабақтардан қорытынды емтихан алынды.

Шәкірттер осы уақыт ішінде өтілген мына 4 пәннен емтихан тапсырды:

✓ Ислам ғибадаты;
✓ Ислам әдебі;
✓ Ислам тарихы;
✓ Құран оқудағы тәжуид ережелері.

Емтиханды аталмыш мешіттің әйел-қыздар ұстазы Насиба Исмаилова бақылап тұрды.
Айта кетсек, бұл емтихан «Тура Жол» мешітінің діни сауат курсында шәкірттерден әр 3 ай сайын алынатын емтиханның алғашқы кезеңі болып табылады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38