Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам жами мешітінің әйел-қыздар бөлімінің шәкірттері бірігіп, ұстаздарының бастауымен, сол аумақта өзбек халқының көп шоғырлануына байланысты халықтың сүйікті тағамы сумәләк пісіріліп таратылды. Көктемнің алғашқы күні мешіт маңайынан өткен әпкезге сумәләк таратылып алғыс айтылды. Мешіт шәкірттеріне дән риза болған халық өз алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі