Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жолдаған Бағдарлық баяндамасы және «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында имамдардың діни біліктілігін арттыру мақсатында Шымкент орталық мешіт «Пәтуа берудің маңыздылығы: әдіс-тәсілдері, жауапкершілігі» атты танымдық діни семинар ұйымдастырылды.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинарға ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Бауыржан Әбдуәли арнайы қатысып, дәріс оқыды.
Жалпы семинар барысында Бауыржан Әбдуәли ақида және Шариғат мәселелері, жат ағымдардан сақтану жолдары мен уағыз-насихат жүргізу тәртібі, пәтуа беру ережесі сынды күрделі мәселелерді түсіндірді.
Семинарға қалалық ЖАНТ мүшелері мен діни оңалту, Шариғат және пәтуа саласына жауапты мамандары мен қала имамдары қатысып мол ақпарат алды.
Шара соңында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Бауыржан Әбдуәли ұстазға алғыс айтып, ризалығын білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі