Бүгін  ҚМДБ-ға қарасты «Шымкент» медресе колледжінің ғылыми кітапханасында ғалымдар Азамат Жамашев, Ернар Мәжен, Дорбетхан Жомарт бірлесіп дайындаған «Сайын даланың саңлақ ғұламалары» мен «Темірқазық: қазақ жеріндегі ислам дінінің өткені мен бүгіні» атты қос кітаптың тұсау­кесер рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының бас имам орынбасары, магистр Мұхамеджан Естеміров, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, ұстаз Анарқұл Сырманов, кітап авторларының бірі медресе ұстазы Дорбетхан Жомарт және дін саласы мамандары, шәкірттер қатысты. Кітапқа елге белгілі ҚР ҰҒА академик ғалымдарымыз Ғарифолла Есім, Болат Көмеков және филология ғылымдарының кандидаты Рашид Мұхиддинов арнайы пікір жазған. Сондай-ақ, қос кітапқа ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істер комитеті мен ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің оң сараптама қорытындысы берілген. Кітап авторы Дорбетхан Жомарт қос кітаптың бірнеше данасын «Шымкент» медресе колледжінің ғылыми кітапханасына тегін табыстады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38