Бүгін қасиетті жұма алдында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде Мәуліт оқылды.

Алдымен Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақдаулет Абдрахманов қасиетті Мәуліт айының фазилаттары туралы сөз сөйледі.

Жұма алдында орталық мешіттің ұстазы Нұрсұлтан Мамелалиев пен Мейірбек қари Сәрсенбаев, Пайғамбарамызға (с.а.с) салауат айтып, мәуліт хұтбасын оқыды.

Айта кету керек, Шымкент қаласында орналасқан мешіттерде қасиетті айда мерекелік дастархан жайылып, 90 мешітте мәуліт оқылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38