Шымкент қаласы,Қаратау ауданы орталық “Байғұт баба” мешітінің бас Имамы Дастан Сүлейұлы қажы және жамағаттың “Ізгі қоғам” жылы аясында Мәуліт айының құрметіне “Сағынышқа айналған
Әз Мұхаммед ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) – атты рухани шарасы ұйымдастырылды. Қонаққа: Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, Әл Фараби ауданының бас имамы Ахметжан қажы, Еңбекші ауданының бас имамы Ербосын қажы, Өкіл имам орынбасарлары Мұхамметжан имам мен Қазыбек имам, Шымкент медресе колледж директоры Талғат қажы және Шымкент қаласы бойынша Қажылық бөлімнің басшысы Азамат қажыларымыз қонаққа келді. Дастархан басында Мәуліт дұғасы мен Құранды Әскерұлы Асқар қажы мешітінің имамы Батырхан қариымыз оқыды. Рухани шараны ақын Бекзат Сәкенұлы жүргізіп, терме әндерін арнады. Шараның соңы “Дін мен дәстүр» бағытына орай, дәстүрлі спорттық ойын түрлерінен Қол күрес , арқан тарту, кір көтеру жарыстар мен сұрақ- жауап сайыстар өтіп, жеңімпаздарға демеушілер тараптан қаражат табысталды. Алла Тағала Мәуліт айында жасаған әр бір іске мол сауаптан жазғай!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38