Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында ойшыл ақын, сопылық ілімнің негізін салушы Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жылдығына орай «Яссауи хикметтері» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы әкімшілігінің шақыртуымен Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінің имам Ахметжан Керімбек, және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жазушы Момбек Әбдәкімұлы, Шымкент қалалық дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының теологі Айтаев Икрам Сатыбалдыұлы сынды ғалымдар мен жасөспірім студент жастар қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы жазушы Момбек Әбдәкімұлы алғашқы сөзді имам Ахметжан Керімбекке беріп, еліміздің діни басқармасының «Ихсан» ілімі мен «Дін мен дәстүр» бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен жастарға насихат айтуын ұсынды. Өз сөзінде имам Ахметжан, ҚМДБ-ның соңғы 10 жылдың көлемінде «Дін мен дәстүр» бағытын жандандыруда, сондай-ақ, кейінгі 5 жылдықта «Ихсан» ілімін насихаттауда елеулі қызметтер атқарылып келе жатқанын, атап айтқанда, ҚМДБ-ның тарапынан жарық көрген «Дін мен дәстүр» және «Ихсан», «Толық адам» сынды көптеген кітаптар мен ғылыми еңбектер, уағыз мақалалар мен баяндамалар жөнінде, сонымен қатар, ұйымдастырылған түрлі деңгейде конференциялар мен семинарлар, дөңгелек үстелдер мен бейне уағыздар төңірегінде насихат айтты. Кейінгі сөз алғандар да, сопылық ілімі мен хикметтері төңірегінде сөз өрбітті. Соңында, сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі