Қасиетті Рамазан айының құрметіне «Бабалар рухына 100 Құран Хатым дұғасы» атты бабалар рухына Құран оқып, дұға ету шарасы ұйымдастырылды. Басқосуға шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, орынбасары Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, орталық мешіттің ұстазы Күлсара Бекет т.б. қатысты. Діни сауаттарын арттырып, Құран оқу деңгейіне жетіп отырған Орталық мешіт жанындағы әйел жамағаты мен «Әжелер» мектебінің мүшелеріне Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы арнайы ризалық айтып, хатым оқу шарасына қатысқан баршаға алғысын білдірді. Айт кетсек, қалалық «Әйел-қыздар» секторы мен «Әжелер» мектебінің мүшелері 123 рет Құранды толық оқып шықты. Айтулы шара соңында бабалар рухына Құран Хатым бағашталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі