«Халифа Омар» мешітінде Қадір түні кешіне орай кешкісін 200 кісіге ауызашар және 250 кісіге сәресі берілді. Сонымен бірге тарауих намазынан алдын және кейін жамағатқа уағыз-насихат айтылып, мешітіміздің ақсақалдарына және жанашырларына иықтарына шапан жабылып, сый-сыяпат жасалды. Жамағатқа рамазан айы бойы өтілген «Қырық хадис» жатқа сұралып, жарыс өтті және сыйлықтар берілді. Сонымен бірге жамағатқа діни және қазақ салт-дастүрі жайлы сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылып, жүзге жуық сыйлықтар таратылды. Жамағатпен таһажүд намаз оқылып, еліміздің болашағы мен халқымыздың амандығы үшін дұға жасалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі