Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы бойынша Зекет қайырымдылық қоры өкілінің және аудан әкімдігінің ұйымдастырумен «Ордабасы» мешітінде демеушілердің көмегімен қасиетті Рамазан айының соңғы он күндігіне орай мүмкіндігі шектеулі 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» қайырымдылық көмегі үлестірілді.
Әрбір отбасыға берілген Рамазан қоржынында, 25 кг ұн, зығыр майы, шекер, күріш, тұз, т.б. Яғни, әрбір «Рамазан қоржынын» қаржылай есептегенде 35 мың теңге көлемін құрайды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі