Рамазан –  айлардың төресі. Қадір түні – түндердің қадірлісі. Осы бір қасиетті Қадір түніне орай Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Исамиддин баба мешіті «Әйел-қыздар» секторы және  @Sakina_club қыз-келіншектері ұжымы бірігіп
17-сәуір  түні “Қадір түнім – қасиетім” атты игі шарасын өткізді.
Аталмыш шараға 90-ға жуық қыз-келіншектер қатысты. Рухани кеш ауызашар дұғасымен басталып, ғибратты көрініс, әсерлі уағыз-насихат,  пайдалы бейнебаян, сұрақ-жауап ойындарымен өтті.
Сонымен қатар келген қонақтар арасынан Рамазан айы бойында Құран оқып хатым жасаған, “алғаш” рет ораза ұстаған нәзік жандыларға арнайы қошемет білдірілді.
Кеш соңын ұстаз Гүлжан Сыдықова Қадір түнін тиімді өткізуге арнайы нұсқаулықтар беріп, Рамазан айының қоштасу таспихымен аяқтады.
Алла Қадір түні жасаған дұға тілектерімізді қабыл етсін.
Әрбір амал Алла алдында жақсылығымен  еселене берсін.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38