Жастар ісі секторы және Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мың айданда хайырлы болған түн» «Рамазан – рухани тәрбие айы» тақырыбында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы Шымкент қаласы Жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы Орталық Азия Инновациялық университетінің жастарымен кездесті.
Мақсаты – жастарға діни сауаттылық бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу және жат ағымдардан аулақ болуға шақыру.
Рамазан – айлардың ішіндегі сұлтаны, мұсылман қауымының сағына күтіп, қимай қоштасатын айы. Өйткені, адам баласының тәнін, жан дүниесін тәрбиелейтін ораза құлшылығы осы айда парыз етілген. Сонымен қатар, адамзатты ақиқат жолға үндейтін қасиетті Құран кітабы осы айда түсірілді. Сондықтан бұл айда жасалған әрбір жақсы амалдар елеусіз қалмай, сауабы еселене түседі, – деді Анарғали Пірәліұлы.
Кездесу соңында жастар сұрақ-жауап алмасып, естелікке суретке түсті.