Рамазан айында жақсылықта жарысқан әйел-қыздар жамағаты бүгін ауызашар беріп сауап үстіне сауап қосты. Шымкент қаласының орталық мешітінің жанынан ашылған «Jannat bagy» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «ДҰҒА -МҮМИННІҢ ҚАРУЫ» атты рухани кеш өтті. Рухани кеште ораза ұстаған 50 адамға ауызашар берілді. Кеште «Қадір түнінде дұрыс дұға жасау» тақырыбында «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан уағыз-насихат жүргізді. Онымен қоса пайғамбар (с.ғ.с.) өмірінен Сұрақ-жауаптармен жалғасты. Кешіміздің негізгі қонақтары қаладағы қари-хафиз ұстаздар мен қыздар отырыстың берекесін арттырды. Кешке қатысушылардың атынан 2 толық Хатым Құран және 41 Ясин сүресі бабалар рухына бағышталып, еліміздің амандығына дұға жасалды. Кеш соңында сыйлықтар таратылып, жылы лебіздер айтылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі