Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен қаладағы бірнеше мешіттерде Әйел-қыздар жамағатының атсалысуымен ауызашарлар берілуде.
Ауызашар барысында берекелі дастарханға қоса әдемі уағыз-насихаттар да айтылуда. Сұрақ-жауаптармен сергітулер жасалып, келген жамағатқа сыйлықтар да үлестірілді.
Күнделікті оқылған Құран хатымының дұғасын жасап, еліміздің амандығы үшін Аллаға мінажат етуде.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі