Шымкент орталық мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында қасиетті Рамазан айының құрметіне «Бабалар рухына 100 Құран Хатым дұғасы» атты рухани, тарихи, құрмет шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараны Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұсабек Ақтамберді, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Камилжан қари Садықов және аудан бас имамдары мен қарилар қатысты.
Босқосу аясында елімізге белгілі қари-ұстаз, «Ықылас» қарилар орталының ұстазы Камилжан қари Садықов пен «Ордабасы» мешітінің найб имамы Мейірбек қари Сәрсенбаевтар барша қари-хафыздарға қарилық жолды ұстану һәм алам ету туралы дәріс оқыды. Сондай-ақ, Түркия дін істер басқармасымен Мүфтият арасында екіжақты келісім негізінде келген Тугро Вейсел Ерзурум және Файсал Алип қарилар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, қазақ еліне алғыстарын жеткізді.
«Негізгі мақсат – қасиетті Рамазан айында тарауих намазында Құран Кәрімді толық оқып жатқан қариларға алғыс айтып, құрмет көрсету болып саналады. Биылғы жылы шаһар бойынша 105 қаридың қатысуымен 67 мешітте Құран хатым оқылуда», – деді бас имам Б.Нұрматұлы.
Рухани шара соңында бабалар рухына 100 Құран хатым оқылып, дұға жасалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі