Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласындағы өкілдігінің «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты дін қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби аудандық “Абдулхамид Қаттани” мешітінде “ЖАРАСЫМДЫ ЖАНҰЯ” атты рухани шара болып өтті. Шараға төрт отбасы таңдалып қатыстырылды. Шараның шартында дін мен дәстүрге қатысты викториналық сұрақтарға жауап беріп және жарасымды жанұя болуда үлгі боларлық тәжірибелерімен бөлісті. Соңында, әр отбасыға қала Бас имамының алғыс хаттары мен заттай және қаржылай сыйлықтар табысталды.
Рухани шараға қаламыздың Бас имам Бақдәулет Нұрматұлы, Әл-Фараби ауданының кураторы Азамат Әбдікерімұлы, «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты Самат Сапарханұлы және аудан бас имамдары мен имамдар қатысты. Сондай-ақ, “Әжелер мектебі” мен “әйел-қыздар» секторының ұстаздары мен шәкірттері қатысты.
Шара ақ жаулықты апа – әжелеріміздің ақ батасымен қорытындыланды.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38